Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Былтыр шет елдерден 35 мың этникалық қазақ көшіп келді

AstanaTV
14.07.2017ж. 20:00
2650
Былтыр шет елдерден 35 мың этникалық қазақ көшіп келді

Жыл сайын елге ағылған оралмандар саны артып келеді. Былтыр шет елдерден 35 мың этникалық қазақ көшіп келген. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы  қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов айтты. Алматыда бас қосқан партиялықтар көші-қон саясаты төңірегіндегі сауалдар бойынша ой бөлісті. Осыдан екі жыл бұрын Қазақстанға 5 мыңға жуық қандасымыз ат басын бұрса, былтыр олардың қатары жеті есеге өсіпті. Тәуелсіздік алғаннан бері 1 миллионнан астам қазақ тарихи отанына оралды. Басым бөлігінің азаматтық алуына партия қол ұшын созды.

Жұмажан Жүкенов, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

Оралмандарды алаңдататын мәселелер - азаматтық алу және де басқа мемлекет деңгейінде қолдау көру. Қаржы болсын, басқа да. Біз сол бойынша тиянақты жұмыс атқарып, кешегі  көші-қон заңына кірген өзгерістер туралы біз осы азаматтарға жеткіземіз.