Түркістан облысында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында белсенді жастар қоғамдық орындарда экологиялық сауалнама жүргізіп, ақпараттық парақшалар таратты. Оған 100-ге жуық жас пен ерікті атсалысты. Қатысушылар «Біз таза қаланы қолдаймыз!», «#TazaQazaqstan2025 – сен де қосыл!» сынды ұрандарды қолдап, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығын насихаттады. Іс-шара барысында тұрғындармен сұхбат жүргізіліп, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ақпараттар берілді.