$521.57 €601.01 ₽6.65
×

Астаналық сақшы 24 тонналық әскери көлікті сүйреп, рекорд орнатты

20.06.2025ж. 20:00
69
Астаналық сақшы 24 тонналық әскери көлікті сүйреп, рекорд орнатты

Ішкі істер қызметкері Бауыржан Қамалиев 24 тонналық әскери көлікті жалғыз өзі сүйреп, жаңа ұлттық рекорд орнатты. Бұл -оның әлемдік деңгейдегі алтыншы жеңісі.    

АҚБОТА БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Біреулер темірдей тәртіппен танылса, енді бірі темірдің өзін бағындырады. Артымда тұрған бұл көлік - салмағы 24 тонна болатын алып техника. Ал оны бір өзі сүйреп, рекорд орнатуға бел буған - полиция майоры Бауыржан Қамалиев.


Бауыржан- ішкі істер саласының тәжірибелі қызметкері. Ол бұрын да күш сынап, бес мәрте рекорд жаңартқан. Бұған дейін ол КамАЗ, автобус, жүк көліктерін, тіпті ауыр ұшақты да сүйреген. Оның әр қадамы жылдар бойы жинақталған ерік пен физикалық дайындықтың нәтижесі.

БАУЫРЖАН КАМАЛИЕВ, ҚР ІІМ ӘСКЕРИ-ТЕРГЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
 

Полицияда жастарға мотивация болсын, ерлік, халыққа қызмет ету, дисциплина дейді, сондайды насихаттап жүрміз. Елді сүю, елге қызмет ету. Темірді тартқан мәселе емес, мәселе рухта.


Бауыржан алып құрыш темірді беліне байлады. Бастысы осы техниканы белгіленген сызықтан асырып, толық сүйреп шығу. 

Қозғалған көлікке көз сенбейді. Салмағы- 24 тонна.  Қашықтық - 10 метр. қазақстандық ең ауыр суда жүзетін анфибиа әскери машинасы. Бұндай ауыр техниканы жалаңаш қолмен сүйреген адам бұған дейін болмаған дейді рекордтар кітабының бас тіркеу офицері. 

ҚУАНДЫҚ ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, GLOBAL BOOK OF RECORDS/GBR ХАЛЫҚАРАЛЫҚ РЕКОРДТАР КІТАБЫНЫҢ АЗИЯ ЖӘНЕ АФРИКА ДИВИЗИОНЫ БОЙЫНША БАС ТІРКЕУ ОФИЦЕРІ:


Бұл Қазақстандағы ең ауыр анфибия. Бағасының өзі 1 жарым миллиард теңге тұрады. Брондалған, 15 адамға жақын экипажымен. Әлем деңгейінде мұндай машинаны ешкім тартып қолмен, рекорд орнатқан емес. 


-Бауыржан, құттықтаймыз!
-Рақмет, рақмет. Мен бұл алтыншы рекордымды полиция қызметкерлеріне арнаймын. 

АҚБОТА БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Кейбір жандар темірге ие болады, ал Бауыржандай ерлер темірдің өзін жеңеді. Бұл - жай ғана рекорд емес. Бұл қайсарлықтың, төзімділіктің, және өз халқыңа деген адал қызметтің бейнесі.