$521.57 €601.01 ₽6.65
×

"Мен қобыз аспабында ойнап отырған қызды бейнеледім",-ұста

"Мен қобыз аспабында ойнап отырған қызды бейнеледім",-ұста

Әлемнің үздік ұсталары Шымкентте басқосты. Өз туындыларын көпшілік назарына  ұсынуға барын салған шеберлер негізінен қазақ эпосындағы кейіпкерлерді мүсіндеуде.  Ағаш мүсіндер сібірдің кедр ағашынан жасалуда. Ұсталардың талабымен арнайы Ресейден арнайы алдыртылыпты. Биіктігі 6 метр, жуандығы 60-90 см дейінгі жуын ағаштан ағаш ұсталары керемет туындылар жасаған.  

ВЛАДИМИР АЛМАНОВ, АҒАШ ШЕБЕРІ (РЕСЕЙ):

Мен қобыз аспабында ойнап отырған қызды бейнеледім. Осы мүсін арқылы қыздың сыртқы сұлу келбетін ғана емес, әуенмен үйлескен ішкі жан-жүниесінің сұлулығын да көрсеткім келді. Қазақстанға, оның ішінде Шымкент қаласына өзімнен осындай тамаша туындыны естелікке қалдырғым келді. Мен Қазақстанға алғаш рет келіп тұрмын. Маған  қатты ұнап қалды.     


САПАР ӘМІРХАНҰЛЫ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Фестивальдің басты мақсаты – биылғы жұмысшылар жылын насихаттау. Одан бөлек адам еңбегін, жалпы еңбекке, қолөнер шеберлігін, ата-бабамыздың бұрынғы салт-дәстүрін қайтып жаңғырту деген сияқты. Жасалған туындылардың бәрін қаламыздың ең көрікті жерлеріне әр жер әр жеріне қоямыз.