$521.57 €601.01 ₽6.65
×

Ирандағы ядролық реакторға зақым келді, радиациялық апат қаупі бар – МАГАТЭ

AstanaTV
20.06.2025ж. 19:11
51
Ирандағы ядролық реакторға зақым келді, радиациялық апат қаупі бар – МАГАТЭ
Фото: x.com / @nypost

Халықаралық атом энергиясы жөніндегі агенттік (МАГАТЭ) Иранның Арак қаласы маңында салынып жатқан ядролық нысанға соққы жасалғанын растады. Бұл ретте ұйым ең маңызды ғимараттарға зақым келгенін жеткізді, деп хабарлайды ВВС.

Израильдің әскери ұшақтары бейсенбі күні Арактағы реакторды бомбылады. МАГАТЭ нысанда ядролық материал болған жоқ, деп мәлімдеген болатын.

Тегераннан оңтүстік-батысқа қарай 250 км жерде орналасқан Арактағы сияқты нысан ғылыми мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Алайда ол жерде қосымша плутоний де жасалады. Оны ядролық қару жасауға пайдалануға болады.

МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гросси Израиль соққысынан ірі радиологиялық оқыс жағдай болмағанымен, радиациялық апат болу қаупі бар деп мәлімдеді.

Мәлімдемеде сонымен қатар мұндай күрделі жағдайда МАГАТЭ-нің ядролық нысандар туралы техникалық ақпараттарды тұрақты әрі уақытында алып отырғаны дұрыс екені айтылған.