$521.57 €601.01 ₽6.65
×

"Шектен шығып кетті": Қазақстандықтар Beeline-ның тарифтері қымбаттағанына наразы

AstanaTV
20.06.2025ж. 22:18
52
"Шектен шығып кетті": Қазақстандықтар Beeline-ның тарифтері қымбаттағанына наразы
Фото: pixabay.com

Қазақстанның ұялы байланыс операторы Beeline кейбір клиенттеріне абоненттік төлемнің тағы да қымбаттайтыны жөнінде хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл жағдай әлеуметтік желілерде үлкен наразылық туғызды. Қолданушылар жаңа бағалардың қызмет сапасына сай келмейтінін айтып шағымданды. 

"Қазір 5000 теңге төлеймін, бірақ интернетті қолданбаймын. Үйде де, жұмыста да Wi-Fi бар. Егер тариф архивке енгізілсе, неге бағасы өсіп жатыр" – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Жарияланым астында осындай ондаған пікірлер жазылған.

"Маған 7990 теңгеге дейін көтеріп жіберді. Ал SIM-карта тіпті салынбаған", "Premium Family тарифі 20 мыңға жақындады! Бұл – шектен шыққандық" – деп жазды желідегілер. 

Компания өкілдері бағаның өсуін трафикті тұтынудың артуымен және желілерді жаңартуға кететін шығындармен түсіндіреді. Сондай-ақ, бұл өзгерістер тек пайдаланушылардың шамамен 10%-ын қамтитыны, ал орташа қымбаттау мөлшері 1146 теңге болатыны айтылды. Бағаның өсуі шілде айынан бастап күшіне енеді.

Beeline компаниясы барлық өзгерістер Қазақстан заңнамасына сай жүзеге асып жатқанын, абоненттерге алдын ала SMS-хабарламалар жіберілетінін және жаңа шарттар ұнамаса, қызметтен бас тартуға болатынын атап өтті.

Алайда қолданушылар байланыс сапасы мен тариф саясатының ашықтығы бағаға сай келмейтінін алға тартып отыр.