Түнгі құтқару операциясы Алматы облысы Қарасай ауданы Долан ауылының маңында өтті. Тас жолда екі жеңіл автокөлік соқтығысқан апат салдарынан бір көліктің жүргізушісі өз көлігінде қысылып қалған болатын.
ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының қызметкерлері гидравликалық құралдың көмегімен 1981 ж.т. ер адамды көліктен шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасына табысталды.
ТЖМ жылдамдық режимін әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында сақтау қажет екенін еске салады! Қауіпсіздігіңіз өз қолыңызда!