$521.57 €601.01 ₽6.65
×

АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

AstanaTV
21.06.2025ж. 19:21
54
АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Қоржынымызда алты медаль. Оның үшеуі алтын. Вьетнамның Вунгтау қаласында күрес түрлерінен 17 жасқа және 23 жасқа дейінілер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, - деп жазды SM телеграм каналы. 

Жарыстың алғашқы күні грек-рим күресі бойынша бәсекелер өтті. Нәтижесінде қазақстандық спортшылар 6 мәрте жеңіс тұғырына көтерілді. Әсіресе, 60 келіде Исхар Құрбаев, 67 келіде Бағдат Сабаз және 77 келіде Ақжан Ықыласов сияқты балуандар барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, Азия чемпионы атанды. Бұған қоса ұлттық құрама өкілдері 2 күміс пен 1 қола жеңіп алды. 

Атап айтқанда, ауыр салмақтардағы Юсуф Мациев пен Джохар Узаров финалда есе жіберіп, күміске қол созса, 82 келідегі Диас Қалтай үздік үштікті түйіндеді. Енді бүгін қалған салмақтардағы белдесулер болады. Оның ішінде Ерасыл Мамырбеков, Ондасын Хамитов, Серғазы Әбдіхадыр және Мақсат Сайлау сияқты жерлестеріміз бозкілемге шығады. Одан кейін қыздар күресі және еркін күрес бойынша сындар өтеді. Вунгтау қаласындағы жарыс 26-маусымға дейін жалғасады.