Құтқарушылар балаға көмекке келді
112 пультіне Көкшетау қаласында 8 жасар бала биік ағашқа шығып, өздігінен түсе алмай жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен ағаш басында отырған баланы қауіпті биіктіктен түсіріп ата-анасына тапсырды.
Авариялық-құтқару жұмыстары барысында бала зардап шеккен жоқ.