$521.57 €601.01 ₽6.65
×

ТЖМ қызметкерлері баспалдақта жарақаттанған азаматқа көмек көрсетті

AstanaTV
22.06.2025ж. 06:24
57
ТЖМ қызметкерлері баспалдақта жарақаттанған азаматқа көмек көрсетті

Алматы қаласында Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жарақат алған ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Оқиға түнде «Медеу» баспалдағында болды. Куәгерлер басын жарақаттаған ер адамды байқап, «112» нөміріне хабар берген.

Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, 1977 ж. т. зардап шеккен азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оны АМО бригадасына тапсырды.

ТЖМ қоғамдық орындарда, әсіресе түнгі уақытта, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады.