Абай облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2018 жылы туған бала 14 маусым кешке үйінен шығып кеткеннен кейін қайтып оралмаған.
Балада аутизм диагнозы бары және даму ерекшеліктері бар екені белгілі болды. Іздеу жұмыстарына полиция, Ұлттық ұлан сарбаздары мен еріктілер жұмылдырылды.
Түні бойы жалғасқан іздеу нәтижесінде, бала 15 маусым күні таңертең, үйінен шамамен 10 шақырым жердегі орман алқабынан табылды.
Бала қазір дәрігерлердің бақылауына алынған.