$521.57 €601.01 ₽6.65
×

Жол апатынан 5 адам қаза тапты

AstanaTV
22.06.2025ж. 14:01
55
Жол апатынан 5 адам қаза тапты

Жол апаты  "Алматы – Бішкек" тас жолының 135-шақырымында болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 42 жастағы Mitsubishi Pajero жүргізушісі қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан ол алдымен Toyota Highlander көлігімен, кейін DAF жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан. Апат салдарынан Mitsubishi Pajero көлігінің төрт жолаушысы мен Toyota Highlander көлігінің бір жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Басқа жолаушылар түрлі жарақаттармен жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілді", — деп хабарлады полиция департаменті.

 Қылмыстық іс қозғалып, қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.