$521.57 €601.01 ₽6.65
×

Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам мерт болды

AstanaTV
22.06.2025ж. 14:46
71
Астана маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам мерт болды

Астанаға жақын Жоламан әуеайлағы маңында жеңіл моторлы ұшақ апатқа ұшырап, екі адам мерт болды. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады. 

—Бүгін шамамен сағат 11.30-да Жоламан әуеайлағы маңында (Астана қаласы) оқу-жаттығу ұшуын орындау барысында TL-2000 жеңіл моторлы ұшағы апатқа ұшырады. Бұл ұшақ жеке тұлғаға тиесілі. Алдын-ала мәліметке сәйкес бортта екі экипаж мүшесі болды. Экипаж мүшелері қаза тапты, — делінген министрлік таратқан хабарламада.