Біріккен Ұлттар Ұйымының бас хатшысы Антониу Гутерриш АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға жасаған әуе шабуылына қатаң мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, бұл — аймақтағы қауіпті ахуалды ушықтырып, халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке тікелей қатер төндіретін әрекет, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бұл – шиеленіс күшейген өңір үшін өте қауіпті қадам. Ол халықаралық бейбітшілікке нақты қауіп төндіреді. Қақтығыс бақылаудан шығып кетсе, бейбіт тұрғындарға, бүкіл аймақ пен әлемге ауыр зардабын тигізуі мүмкін. Қазір ең маңыздысы – хаос спиралін болдырмау. Шешім – тек дипломатияда», – деді Гутерриш әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде.