«Атырау» футбол клубының бас менеджері Дидар Сыдықбек командадан кететін ойыншылардың тізімін жариялады.
– «Атырау» футбол клубынан 8 ойыншы кетеді. Кеше жігіттермен сөйлесіп, алғыс айттық. Бәрін де назардан қалдырмаймыз. Клубсыз қалса, жұмысқа орналасуына көмек береміз, - деп хабарлады Дидар Сыдықбек.
Футбол клубынан кететін ойыншылардың ең үлкені – Мейрам Сапанов.
Қорғаныс шебінде ойнаған оның жасы – 39-да. Онымен бірге Амандық Нәбиханов та қорғаушы болған.
Равиль Атыханов пен Роман Чирков жартылай қорғаушы, Едіге Оралбай, Абзал Шоқан мен Бағдәулет Зұлфықаров шабуылшы позициясында ойнады.
19 жастағы қақпашы Санжар Ерниязов та енді «Атыраудың» қақпасын қорғамайды. Ол – футбол клубынан кеткен 2 қақпашының бірі. Енді команда құрамында 1 қақпашы қалды.
– Жаңа бас жаттықтырушы өзге ойыншыларды қарым-қабілетін көреді. Содан соң шешім қабылдайды. Алдағы дүйсенбіде жаңа ойыншыларды таныстыра бастаймыз, - деді Дидар Сыдықбек.