АҚШ әуе күштерінің Иранның ядролық нысандарына жасаған соққысынан кейін, Халықаралық атом энергиясы агенттігі (МАГАТЭ) шұғыл жиын өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Агенттік басшысы Рафаэль Гросси Директорлар кеңесінің арнайы отырысы 23 маусым, дүйсенбі күні өтетінін айтты. Бұл шешім ядролық қауіпсіздікке қатысты алаңдаушылықтың артуына байланысты қабылданған.
МАГАТЭ Ирандағы ядролық нысандарға жасалған соққылардан кейін радиациялық фонның артпағанын хабарлады.
«Ирандағы үш ядролық нысанға жасалған соққыдан кейін агенттік қазіргі уақытқа дейін бұл нысандардың сыртында радиациялық деңгейдің артқанын байқамады», – делінген МАГАТЭ-нің X (бұрынғы Twitter) парақшасында жарияланған мәлімдемеде.
Бұл мәлімдеме АҚШ президенті Дональд Трамптың «Фордо, Исфахан және Натанздағы ядролық нысандар толықтай жойылды» деген сөзі жарияланғаннан бірнеше сағаттан соң таратылды.