Жексенбі күні таңертең Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) Израильге қарай отызға жуық зымыранмен соққы жасады, деп жазды DW.
АҚШ әскери-әуе күштері Иранның ядролық нысандарына соққы бергеннен кейін бірнеше сағаттан кейін қарымта шабуыл жасалды.
Иранның мемлекеттік телеарнасының мәліметінше, шабуыл үшін шамамен 30 зымыран қолданылған.
Reuters куәгерлерге сілтеме жасап, Израильдің орталық бөлігінде бірнеше жарылыстың болғанын хабарлады.
AFP агенттігі Иерусалимде де жарылыстар тіркелгенін жазады.
Израильдің Kan телерадиокорпорациясы кем дегенде он зымыран соққысы жасалғанын растады,-деп жазады turkystan.kz.