Астана қаласындағы ЭКСПО ауданында Қазақстан полициясы күніне орай дрондардың жарық шоуы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Дрондар шоуы 23 маусым күні сағат 22:00-де басталады.
Аталған шоу мерекелік бағдарламаның басты бөлігіне айналып, заң мен тәртіпке деген құрметтің символы болмақ.
Айта кетейік, шоу алдында концерттік бағдарлама өтеді. Концерт 21:00-де басталады.