$521.57 €601.01 ₽6.65
×

Иран Қауіпсіздік Кеңесіне шұғыл хат жолдады

AstanaTV
23.06.2025ж. 11:16
68
Иран Қауіпсіздік Кеңесіне шұғыл хат жолдады
Фото: almayadeen.net

БҰҰ-дағы Иран өкілі АҚШ-тың әрекетін қатаң айыптап, Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын талап етті деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

АҚШ-тың Ирандағы ядролық нысандарға жасаған шабуылына байланысты Иранның БҰҰ жанындағы елшісі әрі тұрақты өкілі Амир Саид Иравани жексенбі күні БҰҰ Бас хатшысы мен Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасына ресми хат жолдады.

БҰҰ-ға жолдаған хатында Иранның тұрақты өкілі Амир Саид Иравани АҚШ-тың алдын ала жоспарланған агрессивті әрекеттерін қатаң айыптады.

Иран Ислам Республикасы ешқандай арандатушылық себепсіз жасалған бұл алдын ала жоспарланған агрессивті әрекеттерді қатаң түрде айыптайды.

– Бұл шабуылдар – 13 маусымда Израиль режимі Иранның бейбіт ядролық нысандарына жасаған ауқымды әскери операциясының жалғасы, – делінген мәтінде.

Иран өкілі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізіп, бұл шабуылдарды барынша қатаң түрде айыптауды талап етіп отыр.