$521.57 €601.01 ₽6.65
×

Президент «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасымен кездесті

AstanaTV
23.06.2025ж. 15:19
35
Президент «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасымен кездесті
Фото:Ақорда

Мемлекет басшысы «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасы Эльжбета Франков-Яскевичті қабылдады, деп хабарлайды Astana TV.

Кездесу барысында ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды. 

Қасым-Жомарт Тоқаев:

 – жаһандағы қаржылық қауіпсіздікті нығайтуға және активтерді қайтару тиімділігін арттыруға үлес қосып жүрген басты халықаралық платформа ретінде «Эгмонт» тобының маңызы зор екеніне назар аударды; 

– Қазақстанның «ақшаны жылыстатуға қарсы» ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға сай одан әрі жетілдіруге ниетті екенін растады;

– заң үстемдігін қамтамасыз етіп, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы қабылданғанын жеткізді. 

Эльжбета Франков-Яскевич: 

– Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға беріп, оның тиімділігін атап өтті.