Әнші Мөлдір Әуелбекова өзін тілдеп, кешірім сұраған оқырманының хатын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі кезінде қаралаған оқырманының хатын жариялады.
"Хат келді: "Мөлдір ханым, сізді "байдан байға тиіп еще бала туып түсінбеймін осыны" - деп, әр фотоңызға пікір жазған кездерім болды. Өмір – бумеранг дегенді енді түсініп тұрмын. Қызым екінші рет ажырасып үш баламен үйімде отыр. Қатты қиналып отырмын. Сізден кешірім сұраймын. Мен бұлай боларын білмей қалдым" деп жазыпты бір ханым”, – деп жазды әнші.
Алайда өнер иесі оқырманын кешіргенін айтып, халыққа кеңес берді.
“Ренішім жоқ. Ажырасу – өлім емес! Алла жеңілдігін берсін!Біреудің тағдырына қол сұқпайық! Әрбір жасағанамыз бен айтқанымыз өз өмірімізге келмейінше өмірден өтпейміз. Сақ болайық", – деп жазды ол.