$523.46 €600.04 ₽6.69
×

"Полицияда жұмыс істеу – бұл мамандық емес, қабілеттілік", - А.Боранова

23.06.2025ж. 20:00
55
"Полицияда жұмыс істеу – бұл мамандық емес, қабілеттілік", - А.Боранова

Полицияда жұмыс істеу – бұл мамандық емес, қабілеттілік. Тәуелсіздік жылдарында қызметтік міндеттерін атқару кезінде және ерлік әрекеттері барысында ішкі істер органдарының 800-ден астам қызметкері өмірін қиды. 5 мыңға жуық полиция қызметкері жарақат алды. Тәртіп сақшылары мерекелер мен демалыс күндері де олар құқық бұзушылықтардың алдын алады, қылмыстардың жолын кеседі. Бір сөзбен айтқанда қиын жағдайларда бірінші болып көмекке келеді. 

АҚТОТЫ БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Бұл күн ішкі істер органдары қызметкерлерінің қиын қызметінің маңыздылығын мойындаудың символы болып табылады. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үйлесімді қоғам құру үшін заң мен тәртіпті мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету қажеттігін бірінші рет айтқан болатын. Бұл әділетті мемлекет құрудың басты қағидаты. Соған байланысты құқық қорғау органдарының қызметкерлері елімізде заң мен тәртіп қағидатын орнықтыруда тікелей жәрдемдесуді жалғастырады.