$523.46 €600.04 ₽6.69
×

Атырау полициясында 50-ге жуық ерлі-зайыпты еңбек етеді

23.06.2025ж. 20:00
44
Атырау полициясында 50-ге жуық ерлі-зайыпты еңбек етеді

Қызметте де, өмірде де бірге. Атырау полициясында  50-ге жуық ерлі-зайыпты еңбек етеді.  Пагон таққан жандардың көпшілігі қызмет бабында танысып, табысқан. Олар бір салада еңбек етудің артықшылығы көп,- дейді. 

Ерлі-зайыпты Әсел мен Сағытжанның отау құрғанына биыл -  15 жыл. Құқық қорғау саласының мамандары жұмыста  жүріп танысқан. Содан бері бірге. Бүгінде үш бала тәрбиелеп отыр.  

ӘСЕЛ СИБАҒАТОВА, ЖЕДЕЛ БАСҚАРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ КЕЗЕКШІ НАВИГАТОР-ИНСПЕКТОРЫ:

Бір салада қызмет ету көп жеңілдік береді. Бір –бірімізді жақсы түсінеміз, қолдау көрсетеміз. Қиын жағдай туындаса,  ақылдасып шешеміз. Сонымен қатар бір-біріміздің жұмысымызға құрметпен қарап, түсіністік танытып, үйде де, қызметте де серік болған соң, жауапкершілік те жоғары.


САҒЫТЖАН МЫРЗАҒАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Құқық қорғау органдарында қызмет барысында танысып, ортақ  мақсат пе көзқарас үйлесіп, отау құрдық. Отабсы құрғанымызға биыл 15 жыл. Осы салада бірге еңбек етіп жүрміз.


Бүгінде облыста  үйде де, қызметте де иық тірестіре еңбек етіп жүрген 50ге тарта полицей отбасы бар. Оның  көбі – 23 пен 35 жас аралығындағы маман.  Бір салада қызмет ететін жұптар қызметтік жолында бір-біріне серік, тірек бола отырып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өз үлестерін қосып келеді.

АРМАН НӘСІПҚАЛИЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ:

Олардың арасында жас та, тәжірибелі отабсылар бар. Бұл көрсеткіш ішкі істер органдарындағы бірлік пен  қолдаудың белгісі. Полиция қатырандағы отбасылық құндылық,  бұл сенім мен жуапкершілікке негізделген. Мұндай  жұптар үшін қызмет ортақ  міндет деп есепетейміз.


Бір-бірін жақсы түсінетін, қолдай білетін мұндай отбасы институты ішкі істер органдарындағы қызметтің жауапкершілігі мен ауыртпалығын жеңілдетуге себеп болары анық.