$523.46 €600.04 ₽6.69
×

Бүгін – Мемлекеттік қызметшілер күні

23.06.2025ж. 20:00
152
Бүгін – Мемлекеттік қызметшілер күні

Мемлекеттік қызметкерлер де бүгін мерекелерін атап өтуде. Елімізде 100 мыңнан астам мемлекеттік қызметші бар. Олардың түгел дерлігі ел абыройын асқақтатып, ұлт мәртебесін көтеруге ден қойған. Қазір әсіресе жас буын өкілдерінің арасында елге қызмет етуге жоғары құлшыныс байқалады. Солтүстіктегі әріптесім Абзал Құрманкин солардың бірімен тілдесіп қайтты. 

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов еліміздегі ең жас вице-әкім болып саналады. Жас шенеунік бұл қызметке небары 32 жасында тағайындалған. Соған қарамастан атқамінердің тәжірибесі мол, ойы ұшқыр. Мемлекеттік қызметке 2013 жылы ден қойған азамат осы уақытқа дейін бірқатар лауазымды адал атқарған. Астананың екі ауданын басқарған ол енді елорданың заманауи жобаларын теріскейде жүзеге асыруға атсалысып жатыр. 

ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

 
Мен мемлекеттік қызметке алғаш келген кезде жарты жыл бойы тегін жұмыс істедім. Халықтың мәселесін шешіп, әл-ауқатын көтеруді мен өз парызым деп есептеймін. Мемлекеттік қызметші ең алдымен тиімді менеджер болуы тиіс. Егер әр азамат өз қызметін адал атқарса, бұл елімізді жарқын болашаққа әкелері сөзсіз. 


Мемлекеттік қызметте тың көзқараспен жұмыс істеп жүргендердің арасында Тимур Әбдірешов та бар. Жас шенеунік 15 жылдан бері облыс әкімінің баспасөз хатшысы қызметін атқарады. Бірнеше жыл бұрын болашақ бағдарламасымен Ұлыбританияда біліп алып, пиар саласына реформа енгізді. Тіпті шетелдіктердің әдетін сіңіріп, жұмысқа күнде велосипедпен қатынап жүр. 

ТИМУР ӘБДІРЕШОВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

 
Ең бірінші жаңашылдық бұл әлеуметтік жүйелермен жұмыс жасау болды. Өйткені шетелде ол дамыған. Сондықтан біз де бұл салаға енгіздік. Оған қоса антикризисный менеджмент деген бар. Біз осы жақта енгізіп, кризис кезінде жұмыс істеу бойынша жүйені қойдық. 


Жалпы бүгінде Қызылжар өңірінде төрт мыңға жуық мемлекеттік қызметші бар. Олардың басым бөлігі әйелдер болып табылады.