Шымкенттегі «Химформ» зауытына 62,6 млн доллар инвестиция тартылмақ. Кәсіпорын Santo Member of Polpharma Group сауда белгісімен жылына 2 млрд бірлік дәрілік зат өндірісін игеруді жоспарлап отыр. Бастама 300 адамды жұмыспен қамтиды. Зауытта туберкулез, C-гепатит, жүрек-қан тамыр, қатерлі ісік, диабет және психикалық ауруларға қарсы дәрілер өндіріледі. Polpharma Group бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старак еліміздегі инвестициялық бақылауға жоғары баға беріп, жаңа өндіріс заманауи техникамен жабдықталатынына және өндірілетін өнім фармацевтика өнеркәсібі саласындағы барлық халықаралық стандарттарға толық сәйкес келетінін айтты. Олжас Бектенов Денсаулық сақтау министрлігі мен Шымкент қаласы әкімдігіне қысқа мерзімде Жаңа заманауи дәрілік заттар өндірісі құрылысына инвестиция туралы келісім жобасын дайындауды тапсырды.