$523.46 €600.04 ₽6.69
×

Өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жесірі Тоқаевтың қолынан марапат алды

AstanaTV
23.06.2025ж. 17:50
61
Өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жесірі Тоқаевтың қолынан марапат алды
Фото: Ақорда

Бүгін құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау және құтқару саласында жүріп ерлік танытқан адамдармен қатар, қызмет бабында қаза тапқан адамдардың жақындарына алғыс хат табыс етті, деп хабарлайды Astana TV.

Соның ішінде ол қызметтік борышын атқару кезінде мерт болған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің жесірі Анель Забикулинаға алғыс жариялады.

«Қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметінің жедел кезекшісінің көмекшісі Асқар Забикулиннің жұбайы Анель Забикулинаға Алғыс жарияланды», - деп хабарлайды Тоқаев.