$523.46 €600.04 ₽6.69
×

Олжас Бектенов ЕҚДБ басшысы Одиль Рено-Бассомен елімізде инфрақұрылымдық ірі жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады

23.06.2025ж. 20:00
55
Олжас Бектенов ЕҚДБ басшысы Одиль Рено-Бассомен елімізде инфрақұрылымдық ірі жобаларды жүзеге асыру мәселесін талқылады

Сондай-ақ, Премьер-Министр Олжас Бектенов Еуропалық қайта құру және даму банкінің  президенті Одиль Рено-Бассомен кездесу өткізді. Шетелдік инвесторлар кеңесінің 37-ші пленарлық отырысына қатысу үшін келген қадірлі қонақпен көлік инфрақұрылымын, «жасыл» энергетиканы, ШОБ, ауыл шаруашылығын, ақпараттық технологияларды және басқа да салаларды дамыту жөніндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Өткен жылы Еуропалық қайта құру және даму банкі  Қазақстан экономикасына жылдық инвестиция көлемін 3 еседен астамға ұлғайтты. Былтырдың өзінде 935 млн АҚШ доллары болатын 25 жаңа жобаға қол қойылған. Кездесу шеңберінде «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен ЕҚДБ арасында ұзындығы 234 шақырым «Ақтөбе – Ұлғайсын» автомобиль жолының учаскесін реконструкциялауды қаржыландыру бойынша келісімге қол қойылды. Жол 4 жолақты қозғалысы бар 1 техникалық санатта болады, жалпы ұзындығы – 262 шақырым. Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассо Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және орнықты экономика саласындағы жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға мүдделі екенін атап өтті. Аталған банк 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылым жоспары шеңберінде жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетеді.