$523.46 €600.04 ₽6.69
×

Сенат жаңа Салық кодексінің жекелеген баптарын қабылдамай, Мәжіліске қайтарды

23.06.2025ж. 20:00
42
Сенат жаңа Салық кодексінің жекелеген баптарын қабылдамай, Мәжіліске қайтарды

Сенат жаңа Салық кодексінің жекелеген баптарын қабылдамай, редакциялау үшін Мәжіліске қайтарды. Депутаттар мемлекеттік қағаздардың жеңілдігін өзгеріссіз қалдырып, ел ішінде қымбат мүлік пен бұйымдарды сатқандарға салық салуды ұсынды. Сонымен қатар, шаруа қожалықтарының табысына да дара кәсіпкерлер сияқты 230 000 айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда 15% мөлшеріндегі жеке табыс салығын қолдануды, мүгедектігі бар 10 адам жұмыс істейтін кәсіпорындардан және азық-түлік тауарларынан қосымша құн салығын алып тастау ұсынылды. 

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Кодекстің басты мақсаты салық жүйесінің әділ, тиімді және жаңа экономикалық талаптарына сай болуын қамтамасыз ету. Осыған орай экономиканың түрлі саласында диференциялдық салық мөлшерлемесі қарастырылып отыр. Атап айтқанда ауыл шаруашылығы өндірушілеріне, әлеуметтік және қоғамдық жекелеген салаларда жеңілдетілген  мөлшерлеме белгіленді.