$523.46 €600.04 ₽6.69
×

Темір жол вокзалында мобильді қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды

23.06.2025ж. 20:00
49
Темір жол вокзалында мобильді қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды

Қостанайдағы  теміржол вокзалында  «AMANAT» партиясының облыстық филиалы мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы»  бөлімшесі  бірлесіп  мобильді қоғамдық қабылдау ұйымдастырды. Шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен  заңгерлер де  атсалысты. Партия өкілдеріне әуелі  теміржол қызметкерлері жүгінді. Сала мамандары түрлі түйткілдері көтеріп, оның шешімін табуды тапсырды. Аула аумағын абаттандыру, балалар ойын алаңдарын жаңарту, қоғамдық көлік аялдамаларын жақсарту, жаңа автобус маршруттарын енгізу және жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату, көшелерді жарықтандыру  секілді талай мәселе көтерілді. 

АЙТӨРЕ ТҰРСЫН, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ САЯСИ ЖҰМЫС БӨЛІМІ КОНСУЛЬТАНТЫ:

Жол мәселесі бойынша, білім саласы, денсаулық сақтау саласының сұрақтары бойынша сосын қалалық мәслихаттың депутатына балабақша кезегі бойынша өтініш сұрақтар қойып жатыр.Сол көптеген сұрақтар қабылданып, шешімдерін тапппаған сұрақтар мемлекеттік органдарға жолданатын болады.


Қоғамдық қабылдауға келген Қостанай тұрғындары темір жол мәселесін тілге тиек етті. Алмагүл Шалғынбайқызы вагондардың ескіргенін, билеттің тапшылығын айтты. Көпшілік денсаулық сақтау саласы мен тұрғын үй түйткілдерін  де көтерді. Қоғамдық қабылдауға жүгінген  тұрғындар өтініші түгел тіркеліп, партия бақылауына алынды.

АЛМАГҮЛ ХАМЗАҒАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Билет жоқ дейді. Бірақ жарты вагон  жарты жолға дейін бос барады.Соны да айтып өттім. Вагондар  аздығын, ескілігін айттым.Оны да кішкене тілге тиек еттім.Оған да ойланып қалды.Билет мәселесімен жалпы. Басқа да сұрақтар болды.Бірақ соны жаңа аяқ астынан шешіп берді.