Ираннан 230, Израильден 66 Қазақстан азаматы елге оралды. Сыртқы істер министрлігі қақтығыс болып жатқан елдерден эвакуация жүргізген. Тікелей ұшақ жіберу мүмкін болмаса да, азаматтарымызды алдымен жақын мемлекеттерге автобуспен шығарып алдық, - дейді Айбек Смадияров. Оның айтуынша, әлі де осы екі елде қалған отандастарымыз жеткілікті. Кейбірі енді ғана хабарласып отыр. Ведомство барлық қазақстандықтарға елшіліктерге хабарласу керектігін тағы бір ескертті.
АЙБЕК СМАДИЯРОВ, ҚР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Иранда біздің есеппен Қазақстан паспорты бар 50-ге жуық азамат қалды. Израильде 170-ке жуық Қазақстан азаматы қалып отыр. Олар басқа әуежайлар арқылы шығып жатыр. Сонда да, олар елшілікке хабарласса, біз көмек көрсетуге дайынбыз.