Қостанай облысында суицидтің алдын алу мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Алайда өзіне-өзі қол салу фактісі азаймай тұр. Психолог мамандар қолдан келгенше қолдау көрсетіп, өмірін қиғысы келетін өрімдей өрендермен жекелей жұмыс істеп жатқанын айтады.
Тобыл өңірінде жыл басынан бері 3 бала өмірін қиып, өзіне-өзі қол салған. Өмірімен қоштасқысы келген тағы екі жеткіншек ажал аузынан құтқарылыпты. Өткен жылмен салыстырғанда биыл өкінішті жағдайдың өскені байқалады, дейді мамандар. Пихологиялық қолдау орталығының өкілдері 82 жағдайдың алдын алып, өмірлерін сақтап қалған. Оның сыртында облыс бойынша күйзеліске түскен 5 мыңға жуық баламен жұмыс істеген көрінеді. Сенім телефонына қоңырау шалған 1500 адамның көбі балалар. 30 пайызы ата –ана болса, 25 проценті педагог. Психологиялық көмекке жүгінетіндер саны артқан. Кәмелетке толмағандардың басым бөлігі ата-анасымен тіл табыса алмай жүргеніне шағымданады. Олардың суицид жасауына да осы жағдай түркі болады дейді психологтар.
ЕЛЕНА ПЕТРЕНКО, ОБЛЫСТЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ МЕН ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Көп жағдайда ата-ана мен баланың арасындағы қарым қатынастың дұрыс болмауы, қайғылы жағдайға ұшыратып жатыр. Мәселен өзіне-өзі қол жұмсаған баланың бірі әкесімен қатты ұрысып қалғаны белгілі болды. Содан кейін суицид жасаған. Тағы бір қыз бала ата –анасымен тіл табыса алмай, қиын жағдайға тап болған.