Көп қабатты үйдің ауласында кілем жуғандар айыппұл төлейді. Заң бұзушылық тек жоспарлы тексеріс кезінде ғана емес, тұрғындардың шағымдарына байланысты да тіркеледі. Ауладағы кір су, химиялық заттардың қалдығы, шөп пен көгалды бүлдіру секілді әрекеттер де санитарлық талаптарға қайшы. Бұл да әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болады.
Жеке тұлғалар үшін айыппұл мөлшері 20 айлық есептік көрсеткішті құраса, шағын кәсіпкерлік субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдар үшін 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде. Ал, орта бизнес үшін айыппұл 157 280 теңге. Ірі кәсіпкерлікке 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни, 393 200 теңге шамасында айыппұл салынады.