$523.46 €600.04 ₽6.69
×

Таяу Шығыстағы 6 елдің әуе кеңістігі арқылы ұшуға тыйым салынды

AstanaTV
23.06.2025ж. 21:07
59
Таяу Шығыстағы 6 елдің әуе кеңістігі арқылы ұшуға тыйым салынды

2025 жылғы 13 маусымнан бастап Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты азаматтық авиация қауіпсіздігіне төнетін қауіптің жоғары деңгейін ескере отырып, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі қазақстандық әуе компанияларға 6 елдің – Иран, Израиль, Ирак, Иордания, Сирия және Ливанның әуе кеңістігін пайдалануға тыйым салды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты Таяу Шығысқа жолаушылар тасымалын орындайтын әуе компаниялар өз рейстерін осы елдердің әуе кеңістігінде жүзеге асырмай, айналып ұшады.  

Айта кету керек, ағымдағы жылдың 17 маусымында «SCAT» әуе компаниясы Ираннан Қазақстан Республикасының 89 азаматтарын шығару мақсатында Ашхабад – Астана бағыты бойынша рейсті орындады. Рейс қолданыстағы шектеулерге сәйкес толық орындалды.