Батыс қазақстандық прокурорлар үш адамды өлтірді делінген күдіктінің қылмыскер екеніне сенімді. Абайсызда айтылған ауыр сөз үш адамның ажалына әкеп соқтыруы мүмкін дейді. Яғни күдікті Әділет Камалдың адам өлтіруіне танысының өзін кемсітуі себеп болған сыңайлы. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүруде. Күдіктінің ақыл-есі дұрыстығын анықтау үшін сараптама тағайындалған. Тергеу барысында қанды оқиғаның қалай өрбігені мәлім болды.
Александр Цуранков, БҚО прокурорының орынбасары:
Күдіктінің айтуынша, олар сол күні бір үйде болған. Сөз арасында күдікті қасындағы азаматшаға оның құрбысымен көңіл жарастырғысы келетінін айтады. Бірақ танысы жігітке ауыр сөз айтып, бетін қайтарып тастайды. Осыдан соң ол өзін ұстай алмай қалады. Қылмысын мойындаған күдікті сол сәтте не бүлдіргенін өзі де сезбегенін айтып отыр.
Еске
салсақ, Оралда өртенген үйдің ішінен үш адамның денесі табылған. Олардың екеуі
- әйел, үшіншісі - кішкентай сәби. Көп ұзамай олардың қанын төккен күдікті
ұсталды. Полиция дерегінше, ол өзімен бас қосуға келіспеген келіншекті,оның ұлы
мен құрбысын 18 жерден қайшы тығып өлтіреді. Кейін қылмысын жасыру үшін үйді
өртеп жіберген. Қазір күдікті қамауда отыр.