Қазақстанда доллар бағамы өсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда нәтижелері бойынша доллардың орташа салмақты курсы 523,46 теңгені құрап, 1,54 теңгеге көтерілді.
Ақша айырбастау пункттерінде доллар 522,5-524,9 теңгеден сатып алынып, сатылуда. Еуро 601-606 теңге аралығында болса, Ресей рублі 6,55-6,67 теңге шамасында.
2025 жылдың 23 маусымында әлемдік мұнай бағалары өсті.
Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 75,93 долларға дейін көтеріліп, 0,60%-ға артты. West Texas Intermediate (WTI) мұнайының баррелі 74,22 долларға жетіп, 0,51%-ға өсті.
23 маусым күні Ұлттық банк доллар бағамын 521,57 теңге, еуроны – 601,01 теңге, рубльді – 6,65 теңге деп белгіледі.