Қылмысқа қатысы бар күдіктіні, сот санкциясы болмаса, қамау мерзімін 48 сағатқа қысқарту. Кәмелетке толмағандардың ісін 24 сағат ішінде қарау. Осындай өзгерістерді қамтитын заң жобасы жыл аяғына дейін Парламент қарауына ұсынылмақ. Бұл туралы құқық қорғау жүйесі дамуының басым бағыты тақырыбындағы дөңгелек үстелде белгілі болды. Өзгерістер адам құқығын қорғауға бағытталған. Заң жобасын халықаралық дәрежедегі мамандар талқылап жатыр. Бұдан өзге де біршама маңызды толықтырулар енгізілмек.
Марат Ахметжанов, ҚР Бас прокурорының орынбасары:
Бұл телефонды тыңдау дейміз, тағы басқа амалдар. Егер ол
дәлелін таппаған кезде, оны 6 ай ішінде тергеу судьясы немесе құқық қорғау
органы оған айту керек. Сізге жасырын тергеу амалдары жүргізілді, осындай
себеппен деп. Сол кезде әлгі азаматта мүмкіндік туады, Я сотқа жүгініп, өзінің
бостандығына, құқығына зардап әкелетін мәселелер болса, моральдық шығынды өтеуге
ықпал жасайды.