$523.46 €600.04 ₽6.69
×

18 облыста дауылды ескерту жарияланды

AstanaTV
24.06.2025ж. 08:17
55
18 облыста дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 18 облысында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Astana TV.

Ұлытау облысының батысы мен солтүстігінде найзағай мен бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан және батыстан соғатын жел күндіз солтүстік пен орталықта 15-18 м/с дейін жетеді. Облыстың батысы, оңтүстігі және шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда да желдің екпіні 16 м/с жетеді.

Алматы облысының батысы, солтүстігі және орталығында күндіз 42 градусқа дейін қатты ыстық болады. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының шығысында найзағай, ал күндіз батысы мен солтүстігінде найзағай мен бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, күндіз солтүстік пен шығыста 15-18 м/с. Облыстың батысы, шығысы және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қаласында күндіз найзағай күтіледі.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында да осындай жағдай.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде күндіз қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік пен батыста найзағай, ал күндіз солтүстікте найзағай, оңтүстікте бұршақ пен дауыл болжануда. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан, күндіз батыс пен оңтүстікте екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысы, оңтүстігі және орталығында жоғары өрт қаупі бар. Орал қаласында күндіз найзағай болжанады.

Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында күндіз найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа, оңтүстікке ауысады, таулы аймақтарда екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық болады. Қонаев қаласында күндіз 36 градусқа дейін ысиды.

Жамбыл облысында күндіз солтүстік-батыстан жел соғады. Оңтүстік-батыс, солтүстік-шығыс пен таулы аудандарда желдің екпіні 15-20 м/с. Облыс аумағында төтенше өрт қаупі сақталады, әсіресе оңтүстік пен солтүстікте жоғары қауіп бар. Тараз қаласында да өрт қаупі сақталып отыр.

Қостанай облысында түнде солтүстік-шығыста найзағай күтіледі. Күндіз батыс пен оңтүстікте найзағай мен бұршақ болуы мүмкін. Жел солтүстік-батыстан, күндіз батыс пен оңтүстікте екпіні 15 м/с. Облыстың солтүстік пен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында да осындай қауіп бар.

Павлодар облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, күндіз осы үш аймақта 15-20 м/с, кейде 25 м/с дейін күшейеді. Оңтүстік-шығыста жоғары өрт қаупі бар. Павлодарда түнде және таңертең найзағай болжанады.

Атырау облысының солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл болады. Түнде батыс пен солтүстікте найзағай, күндіз найзағай. Жел батыстан, солтүстік-батыстан, күндіз оңтүстікте 15-20 м/с. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында таңертең және түстен кейін қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел екпіні 15-18 м/с.

Абай облысында түнде найзағай, күндіз шығыс, оңтүстік және орталық бөліктерде найзағай, бұршақ пен дауыл болады. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады. Түнде батыс, солтүстік пен орталықта екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с, күндіз солтүстік, шығыс, оңтүстікте 15-20 м/с, кейде 23 м/с. Күндіз оңтүстікте 35 градус қатты ыстық болады. Орталықта жоғары өрт қаупі, батыс, солтүстік-батыс пен оңтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады. Семейде түнде және таңертең найзағай болжануда. Жел 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында қатты жаңбыр жауады. Облыс бойынша найзағай болады, күндіз батыс, солтүстік пен шығыста бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады. Түнде батыс, солтүстік пен шығыста 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с, күндіз солтүстік, шығыс, оңтүстікте 15-20 м/с, кейде 23 м/с. Солтүстікте жоғары, оңтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Өскеменде найзағай, күндіз бұршақ, жел екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде найзағай, күндіз солтүстік пен шығыста найзағай мен бұршақ болады. Түнде және таңертең батыс бөлігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады: түнде 15-20 м/с, күндіз солтүстік, шығыс пен оңтүстікте де 15-20 м/с. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі. Петропавлда түнде найзағай, жел 15-20 м/с.

Ақмола облысында түнде батыс пен солтүстікте тұман күтіледі. Түнде солтүстік пен шығыста, күндіз батыс, оңтүстік пен шығыста найзағай, бұршақ пен дауыл болады. Жел солтүстік-батыстан, кей жерлерде 15-20 м/с. Солтүстік-батыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында күндіз найзағай болады. Жел солтүстік пен солтүстік-шығыстан, күндіз оңтүстікте 15-18 м/с. Батыс, оңтүстік, шығыс және орталықта төтенше өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының батысында күндіз қатты жаңбыр мен бұршақ жауады. Батыс, солтүстік және орталықта найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан, күндіз батыс пен оңтүстікте 15-20 м/с. Солтүстік-батыс, оңтүстік және шығыста жоғары, ал солтүстік-шығыс пен орталықта төтенше өрт қаупі. Ақтауда найзағай және 15-18 м/с жел.

Түркістан облысының тауларында таңертең және түстен кейін найзағай болады. Жел солтүстік-шығыстан, тау асуларында 15-20 м/с. Батыс пен шөлді аймақтарда 40 градусқа дейін қатты ыстық. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі бар. Шымкент пен Түркістанда да аптап ыстық пен өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында күндіз найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан, шығыста 15-20 м/с. Күндіз 35-38 градус, кей жерлерде 42 градусқа дейін ыстық. Солтүстік, шығыс пен орталықта төтенше өрт қаупі бар. Талдықорғанда түнде найзағай, күндіз 36 градус аптап ыстық күтіледі.