$523.46 €600.04 ₽6.69
×

«Сені иіскегім келеді»: Түркістан облысында филармония басшысы дәстүрлі әншіге анайы ұсыныс айтқан

AstanaTV
24.06.2025ж. 09:48
46
«Сені иіскегім келеді»: Түркістан облысында филармония басшысы дәстүрлі әншіге анайы ұсыныс айтқан
Фото: скриншот

Түркістан облысына қарасты Шәмші Қалдаяқов атындағы филармонияның әншісі Наркенже Серікбаева басшысы үнемі анайы ұсыныстар ұсынатынын айтып, проблеманың бетін ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Наркенже Серікбаеваның айтуынша, филармония шілде айында Испанияға гастрольдік сапармен баруы тиіс. Осы сапардың алдында әнші киім мәселесін көтеремін деп басшыларының қаһарына ұшыраған.

«Киім тігіп беруді сұрағаным үшін, басшымыз Ғалымжан мырза мені концерттен шеттететінін айтты. Бұл шешімнің себебі де түсініксіз. Болды, қатыспайсың, мен басшымын, өзім білемін. Сенің киімің жоқ деп барлық қызметкердің көзінше дауыс көтеріп, ар-намысыма тиді.», — дейді ол.

Ол сондай-ақ басшысы тарапынан үнемі анайы сөздер, ұсыныстар айтылатынын жеткізіп, облыс әкімінен көмек сұрады.

«Ұят та болса айтайын, менің алдыма келіп отыр. Мен сені иіскеуім керек деген әңгімелердің бәрінен өтіп келе жатырмын», - деп проблеманың тағы бір шетін шығарды.