$537.63 €622.52 ₽6.69
×

Еуропа қайта құру және даму банкі арқылы елге 1,2 млрд еуро инвестиция тартылған

Еуропа қайта құру және даму банкі арқылы елге 1,2 млрд еуро инвестиция тартылған

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы Одиль Рено-Бассо кездесті. Мемлекет басшысы банкпен арадағы әріптестіктің ел экономикасына, әсіресе шағын бизнес, ауыл шаруашылығы және энергетика салаларына пайдалы болғанын айтты. “Жасыл экономика” жобаларына қаржы бөлініп жатқанына ризашылығын білдірді. Банк басшысы Қазақстанға инвестиция салу тиімді екенін атап өтіп, жақында Ақтөбе - Ұлғайсын тас жолын жөндеуге қаржы бөлінгенін хабарлады. Сондай-ақ, 2024 жылы Еуропалық қайта құру және даму банкінің Қазақстанға 1 миллиард еуроға жуық инвестиция құйған. Тараптар бірлескен жобаларды жалғастыруға келісті.