«Судьяның беделі арқылы сот жүйесіне деген халықтың сенімі қалыптасады». Қызылорда қалалық сотының судьясы Әлия Түбекбаева осындай пікірде. Ол сот саласында мемлекеттік қызметте 16 жыл, судья болып 11 жылдан бері қызмет етіп келеді. Алғаш жұмысқа 22 жасында келген маман, сатылап өсіп, барлық кезеңнен абыроймен өткен. Бүгінде қаржылық мәселелерге қатысты, жер, мұрагерлік дауларын қарайды. Маңызды шешім қабылдарда адалдықты ту етіп, әркез «Судья әдебі жөніндегі» кодекстен алыстамауы керек деп есептейді. Ал оның заман талабына сай қайта өзгерістен өтіп, толықтырылғаны көңіл қуантады дейді. Себебі ол судьялардың тек сот залында ғана емес, қарапайым тұлға ретінде қоғамдағы орнын, өзін-өзі ұстауын негізге ала отырып жазылған дейді кейіпкеріміз.
ӘЛИЯ ТҮБЕКБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ СОТТЫҢ СУДЬЯСЫ:
Бұл жаңа сипатта, жаңа заманауи қағидаттарды ескере отырып қалыданған кодекс. Ол кодексте алғаш судьяның беделі деген ұғым енгізілді. Судьяның беделі бұл соттық тәуелсіздігі, соттық жариялылығы, ашықтығы. Халықтың сотқа деген сенімділігі.