$518.5 €601.62 ₽6.61
×

Астанада ІІМ басқару академиясы ашылды

24.06.2025ж. 20:00
119
Астанада ІІМ басқару академиясы ашылды

Астанада Ішкі істер министрлігінің басқару академиясы ашылды. Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» апталығының аясында ашылған оқу орны білікті кадрлапрды даярлауға арналған. Ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген Премьер-Министр елімізге заманауи талаптарға сай басшылар керектігін атап өтті. Оның үстіне, бұл академия халықаралық санаттағы мамандарды даярлайтынына сенім білдірді.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Академияның ашылуы ерекше маңызға ие. Біздің міндетіміз – кадрлық әлеуетті нығайту арқылы құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің жаңа моделін енгізу. Құқық қорғау органдарын қайта жаңғырту стратегиялық ойлау қабілеті бар әрі жауапкершілік деңгейі жоғары қоғам мен мемлекет мүддесіне қызмет етуге даяр басқарушылардың буынын қалыптастыруға мүмкіндік береді.