$519.51 €611.83 ₽6.6
×

Атырау облысында кәріз құдығына түскен жұмысшы қайтыс болды

24.06.2025ж. 20:00
94
Атырау облысында кәріз құдығына түскен жұмысшы қайтыс болды

Атырау облысында “Жылыойсу” мекемесінің қызметкері  қайтыс болды. Бақытсыз оқиға Құлсары қаласы “Достық” шағын ауданында болған. Күндізгі ауысым кезінде сорғы қондырғысының машинисі болып жұмыс істейтін 57 жастағы азамат сорғы стансасының аумағыдағы кәріз құдығына түскен. Сол кезде жан тапсырыпты. Қазір жұмыс барысында болған жазатайым оқиғаның себебі анықталып жатыр. Айта кетейік, жыл басынан аймақта жыл басынан бері өліммен аяқталған 5 жазатайым оқиға тіркелген.  

ДИНА МАҚСОТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:

Аталған дерек бойынша кешенді тергеу амалдары  жүргізілуде. Оқиғаның  мән-жайы  толыққанды тексерілуде. Өзе ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.