$519.26 €602.13 ₽6.62
×

«Әділ қоғам» жобасы арқылы жастар арасында «сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін» қалыптастыру қолға алынбақ

24.06.2025ж. 20:00
38
«Әділ қоғам» жобасы арқылы жастар арасында «сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін» қалыптастыру  қолға алынбақ

«Әділ қоғам» жобасы арқылы жастар арасында «сыбайлас жемқорлыққа төзбеу мәдениетін» қалыптастыру  қолға алынбақ. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында аталған бағдарламаның аймақтық жобалық кеңсесі ашылды.

Кеңсе руханиятқа, мәдени құндылықтарға бағыттала отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес алаңы болмақ. Мұнда жазушы, ғалым, этнографтар студенттер мен оқушылармен  кездесіп Абай, Шәкәрім, Бұқар жырау секілді философтардың шығармаларын талқылайды. Ол туындыларда рухани құндылықтар жайлы терең жазылған. Ерекше жоба облыстық әкімдік, мәдениет, құжаттар мен мұрағаттар, сондай- ақ ішкі саясат басқармаларының бастамасымен жүзеге асты. 

СЕРІКЖАН БАЙБОСЫНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:


Тек қана заң нормаларын ғана емес, сонымен бірге парасаттылық, адалдық қағидаларын осы біздің мәдениет пен өнердің жарқын жұлдыздарын осы жобалық алаңға шақыру, әртүрлі кездесулер, дәрістер өткізу арқылы жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың жаңа әдістері қолданылады деп өзім ойлаймын.