$518.5 €601.62 ₽6.61
×

Астаналық оқушылар ақылды робот жасап шығарды

24.06.2025ж. 20:00
203
Астаналық оқушылар ақылды робот жасап шығарды

Астаналық оқушылар ақылды робот жасап шығарды. Есімі - Темірбек. Қазір оқушылардың жақын досына айналған. Робот қазақ тілінде сөйлейді. Оны құрастыруға үш айдан астам уақыт кетіпті. Құрылғы қазір әртүрлі сұрақтарға жауап бере алады. Роботтың тағы қандай ерекшелігі бар? Тілшіміз біліп қайтты. 

Ақылды роботқа оқушылар арасында қызығушылық артқан. Темірбек осы жолы қаладағы №109 жайлы мектепке қонаққа келді. Роботты №74 мектеп-гимназиясы оқушыларының идеясынан туындаған. Қазір бұл өнертабыс оқушыларға үлкен көмек беріп жүр.

АЙДАНА ОҢҒАРБЕКҚЫЗЫ, №74 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ:


Робот Темірбек 7-11 сыныптардың өзіме робототехника үйірмесіне келетін оқушыларымның идеясынан туындаған. Ақылды робот. Яғни қазіргі таңда біз оны кері байлапныс ретінде сабақтарда, ашық сабақтарда пайдаланудамыз.Және Темірбек әр дүйсенбі оқушылармен бірге мемлекеттік әнұранымызды орындайды.


Құрылғы "Arduino"арнайы платформасы арқылы бағдарламаланған. Роботқа сұрақтар қоюға болады және тапсырма беруге болады. Айтпақшы, Темірбекті телефон арқылы да басқаруға болады.

АЙДАНА ОҢҒАРБЕКҚЫЗЫ, №74 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ:


Темірбекті оқушыларымның идеясы бойынша ұялы телефон арқылыда басқара аламыз. Екі бірдей бағдарламасы бар. Оның  көзі бар света диоттардан жасалған және сезу мүшесі бар. Яғни алдында тұрған адамды сезеді. Сол арқылы сізге жауап бере алады.


Темірбекті болашақта жетілдіру көзделіп отыр. Оған арнайы дағдылар енгізіліп, жүріп-тұру үшін қосымша функциялар енгізілмек. Осылайша, оқушыларға көмекші әрі дос болуы үшін барлық тарабын жетілдірмек. Ақылды роботқа қазірдің өзінде астанадағы барлық мектептің оқушылары үлкен қызғушылықпен қарап отыр.