Бүгін “AMANAT” партиясының «Журналист» бастауыш партия ұйымы қатарына бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін қабылдады. Мұндай бастауыш партия ұйымы әзірге тек Маңғыстау облысында ғана ашылып отыр. Бір топ журналист салтанатты жағдайда партиялық билетін алды. Олардан бөлек ұйым қатарына спортшылар мен баспасөз қызметі өкілдері қабылданды. Барлығы 50 шақты адам жаңа ұйымның мүшесі атанды. Шара бұқаралық ақпарат күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Партия өкілдерінің пікірінше, жаңа алаң тәжірибе алмасып, байланысты нығайтуға арналған ұсыныстар айтуға мүмкіндік береді.
АРУЖАН СИСЕНОВА, “AMANAT” ПАРТИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Бүгін мен “AMANAT” партиясының қатарына толқумен және үлкен жауапкершілікпен кірдім. Партия қатарына өту арқылы азаматтық ұстанымды көрсетіп, қоғамға өз үлесімізді қоса аламыз. Біз тек адамдарға көмектесіп қана қоймай, алдымызда тұрған көптеген міндеттерді жүзеге асырамыз.