$537.96 €630.27 ₽6.73
×

Шымкентте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өз жалғасын тапты

Шымкентте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өз жалғасын тапты

Шымкентте экологиялық шаралар өз жалғасын табуда. Бүгін мегаполисте "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында «Таза аула» акциясы өткізілді. Тазалық шарасы қаладағы аудандарға қарасты бірнеше мөлтек ауданда бір мезетте ұйымдастырылды. Оған көпқабатты үй тұрғындарынан бөлек коммуналдық қызмет өкілдері де мейлінше жұмылдырылған.  Жиналғандар бейберекет өскен ағаш бұтақтарын кесіп, ретке келтірді. Шөптерді орды. Аулаларды сыпырып, күл-қоқыстарды  шығарды. Көше тазалықшылары өткен жылдармен салыстырғанда қаланың айтарлықтай тазарып қалғанын айтады. Бұл «Таза Қазақстан» акциясы аясының нәтижесі. Көпшілік арасында тазалық сақтауда едәуір ілгерілеу байқалады дегенмен әлі де кең үйретуге тура келетін тұстар барын жасырмайды.  

ДАРИХА РОМАНОВА, КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕ ЖҰМЫСШЫСЫ:


Тазалықты өзінен бастап, қоқысты бей берекет әр жерге тастап кетпей, арнайы урналарға салып, ТБО дейміз ғой, контейнерге тастайтын қоқысты урнаға тастап кетпей солай тазалықты сақтайық. Хотя бы мусорды шашпаса соның өзі бізге үлкен көмек.