$519.26 €602.13 ₽6.62
×

Медициналық сақтандыруға қатысты заң талқыланды

AstanaTV
25.06.2025ж. 06:42
62
Медициналық сақтандыруға қатысты заң талқыланды

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста Мемлекет басшысының Жолдауын орындау жөніндегі Жалпыұлттық жоспарды іске асыру аясында әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңды талқылады. 

Құжат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіруге, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, сондай-ақ саланың қаржы тұрақтылығын нығайтуға бағытталған. Заңда медициналық қызметтердің бірыңғай топтамасын қалыптастыру, халықты МӘМС жүйесімен қамтуды кеңейту, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмектің бір бөлігін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің топтамасынан МӘМС аясына беру көзделіп отыр.