Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы ұзындығы 208 шақырымды құрайтын "Жезқазған-Қызылорда" республикалық маңызы автомобиль жолын қайта жаңарту бойынша жұмыстарды атқарып жатыр.
Жол учаскесі ІІІ техникалық санаттан ІІ техникалық санатқа ауыстырылып, жол пайдаланушылар үшін қауіпсіз әрі қолайлы қозғалысты қамтамасыз ететін болады.
Қазіргі таңда жолдың негізін әзірлеу және құмды қиыршық тастан төменгі қабат төселуде.