Президент азаматтық қорғау мәселелері бойынша бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды.
Құжат азаматтық қорғау жүйесін жаңғыртуға, қызметкерлердің құқықтық мәртебесін арттыруға, өрт, өнеркәсіптік және сейсмикалық қауіпсіздікті күшейтуге, сондай-ақ азаматтық қорғанысты дамытуға бағытталған.
Тұрғын үй төлемдері, ротация кезінде қосымша төлемдер, ТЖ-да үш есе үстемеақылар, санаторий-курорттық емдеу енгізіледі. Шаралар қызмет жағдайларын жақсартуға және мамандарды тартуға бағытталған.
Негізгі өзгерістер туралы толығырақ ҚР ТЖМ ресми сайтынан оқыңыз.