Үкімет басшысы Олжас Бектенов қоршаған ортаны ластаған адамдарға қатысты қатаң шаралар қолдануды жүктеді.
— Жаз айларында көптеген адам табиғат аясына демалысқа шығып, қоқыс қалдырып кетеді. Осы бағыттағы жұмысты күшейту керек. Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Ішкі істер министрлігі қоршаған ортаны ластаған адамдарды жауапкершілікке тартуға тиіс. Оларға қатысты қатаң шаралар қолдана отырып, кең ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізу қажет, — деді Олжас Бектенов.